Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Онда тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру ұсынылады.

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, 2020-2025 жылдар аралығында тариф бірдей болған. Ал ұсынылған кестедегі тарифтер мынадай:

Ақпарат бойынша, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен. 

Құжаттағы ЭӨҰ шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:

  • жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемеақы;
  • курстық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың ұлғаюы (қазандық-турбиналық, сорғы, күл ұстағыш);
  • бағамдық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге (қазандық-турбина, сорғы, күл ұстағыш жабдықтар және т. б.);
  • "Богатырь Көмір" ЖШС көмір құнының өсуі.

"Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген уақыттан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады", - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, ол 25 наурызға дейін талқыланады. 

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел