25 Шілде 13:12
...

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

Фото:

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, тізім мынадай жолдармен толықтырылады:

Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек;

Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мереке бекіту жөніндегі бастама жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен елдің осы саладағы негізгі қоғамдық-саяси күштерінің шоғырлануын айғақтайтын болады", делінген құжатта.

Жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданған күніне келтіру ұсынылады. Қазақстанда шамамен 100 мың жарнама маманы бар 2000-ға жуық жарнама ұйымы тіркеліп, жұмыс істейді.

Тегтер: