USD
USD
USD

Қазақстанда докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

12 шілдеден бастап докторантураға түсу үшін емтиханға құжаттарды қабылдау басталды.

Қазақстанда докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Testcenter.kz сайтында бүгіннен бастап 3 тамызға дейін докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылданады.

Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдай аласыздар.

Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.

Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеуге қатысу құны - 21 072 теңге.

- TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеу өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 4 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны - 14 162 теңге.

- Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

- Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл - 75.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков