USD
USD
USD

Қазақстанда дизель өндірісі азайды

Елде күз айларында қайтадан дизель тапшылығы болуы мүмкін. Бірінші кредиттік бюро сарапшылары шілде айында Қазақстанда дизель өндірісі төмендегенін айтты.

Қазақстанда дизель өндірісі азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл құбылыс соңғы екі ай бойы байқалып отыр. Мәселен, өткен айда 413 мың 700 тонна отын өндірілді, бұл маусым айындағы көлемнен 61 мың тоннаға кем. Дизель отыны өндірісінің азаюын сарапшылар Мұнай өңдеу зауыттарында жазғы жөндеу жұмыстары жүргізілуімен байланыстырады. Ал жалпылай алғанда биыл елде дизель өндірісі 10 пайызға артты.

7 айда 3 млн тоннадан астам дизель отыны шығарылды. Мамандар пікірінше, жанар-жағармайдың көрші елдерге ағылу мәселесі де тыйылмай тұр. Айта кетейік, елімізе дизельдік отынға шектеу енгізіп, сараланған тариф енгізу жайы қарастырылып жатыр. Шекті мөлшерді асырғандар мен шетелдік көліктер үшін дизель отынының құны екі есеге дейін қымбат, яғни литрі 450 теңге шамасында болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana