Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда дауыс беру аяқталды

Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді. 

Қазақстанда дауыс беру аяқталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 20-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 72,8, Ақтөбе облысы – 57,7, Алматы облысы – 73,5, Атырау облысы – 55,5, Батыс Қазақстан облысы – 51,5, Жамбыл облысы – 72,2, Қарағанды облысы – 70,7, Қостанай облысы – 71,8, Қызылорда облысы – 72,7, Маңғыстау облысы – 54, Павлодар облысы – 71,3, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5, Түркістан облысы – 65,8, Шығыс Қазақстан – 72,4, Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1, Алматы қаласы – 30,3, Шымкент қаласы – 56,5 пайыз», – деді Сәбила Мұстафина. Оның атап өтуінше, сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.

Сонымен қатар Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері жанынан ашылған 10 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп болды. Шетелдегі 56 учаскеде дауыс беру жалғасуда. Айта кетерлігі, 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де Америка Құрама Штаттары мен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайды.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.