USD
USD
USD

Қазақстанда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Қазақстанда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Ауруханаларда да, емханалар да екі айлық қор жеткілікті. 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап дефицит жағдайында дәріханаларға тарату үшін 10 миллион медициналық маска сатылып алынды», – деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр жергілікті атқарушы органдар жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қорын сатып алып қойғанын хабардар етті. Оған қосымша 400 мыңға тарта бір реттік қорғаныс костюмінің резерві жиналған. Олардың бәрі де «СК-Фармация» ЖШС хабтарында сақтаулы тұр.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар