USD
USD
USD

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

Қазақстан дәріханаларында бір жылда антисептиктердің бағасы 17 пайызға өскен. Сонымен бірге ыстық түсіретін дәрілер 8,5 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz зерттеу орталығы. 

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы фармацевтикалық препараттардың бағасы бір жылда 7 пайызға артқан.

«2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның фармацевтикалық компаниялары 41,9 млрд теңгенің негізгі фармацевтикалық өнімдерін шығарды. Бұл – бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 33,9 пайызға көп. Инфляцияны есепке алғанда шынайы өсім 24,2 пайызға теңескен. Сектордағы өндірістің төрттен үш бөлігі (75,7%) үш аймақта, атап айтқанда, Алматы облысы (11,6 млрд тг, бір жыл ішінде +3,1%), Шымкент қаласы (11,4 млрд тг, бір жыл ішінде +6,5%), Алматы қаласы (8,8 млрд тг, бір жыл ішінде +39,3%) шоғырланған», - делінген зерттеуде.

Бұл өңірлерде «АбдиИбахим ГлобалФарм» ЖШС, «Kelun-KazPharm» ЖШС, «Dolce» ЖШС (Алматы облысы), «Химфарм» (Santo) АҚ, «Зерде-Фито» ЖШС, (Шымкент), «Нобел» Алматы фармацевтикалық фабрикасы, «Аврора» ЖШС, «Cheminnova Alimor Kazpharm» ЖШС, «Rapid-Alimor Pharm Industries» ЖШС, «Dosfarm» ЖШС (Алматы) секілді ірі компаниялар жұмыс істейді. Жалпы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 37,9 млрд теңгеге жеткен.

Шынайы өсім – өткен жылға қарағанда 50,4% көп. Өндірістің ауқымды бөлігі Шымкент қаласына (11,4 млрд тг) тиесілі.

«2020 жылдың мамырында фармацевтикалық препараттар 6,9 пайызға (өткен жылдың мамырымен салыстырғанда) қымбаттады. Аймақтардың ішінде бағалардың өсуі Павлодар облысында (бір жылда 9,4%), Ақмола облысы (бір жылда 9,3%) мен Шымкент қаласында (бір жылда 9,2%) байқалады. Препараттардың ішінде айтарлықтай баға өсімі антисептиктер (16,9%), ыстық түсіретін дәрілер (8,5%), бүйректі жазуға арналған дәрілер (7,4%) мен антибиотиктер (7,3%) бойынша тіркелді», - делінген energyprom.kz зерттеуінде.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова