USD
USD
USD

Қазақстанда дәрі бағасы бақылауда болады

Арнайы топ дәріханадағы дәрі бағасын тексеретін болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Қазақстанда дәрі бағасы бақылауда болады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  «Халықты толғандыратын негізгі мәселелер аз емес. Дегенмен, негізгі мәселе -дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан астам дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын 30 пайыз деңгейінде қамтамасыз етіп отырмыз. Қалғаны сырттан импорт есебінен әкелінеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нарықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан бірқатар шаралар қабылданады. Атап айтқанда, бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінім қаралуда. Дәрі-дәрмекті сертификаттау және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әкімдіктермен бірлесіп, көтерме сауда қоймаларындағы дәрі-дәрмек қоры, бағасы тексеріліп, препарат бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін дәріханаларды аралап тексеретін арнайы мониторинг топтары жұмыс істейді.

«Осының бәрін ескеруіміз керек. Қызуды төмендететін, антибактериалды, вирусқа қарсы препараттарды тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен ғана ішу керек. Өз бетіңізше емделу қауіпті екенін өздеріңіз де естіп, біліп отырған шығарсыздар», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев