USD
USD
USD

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдігі бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қымбат бағалы қандай да бір мүлікті сатып алу үшін азаматтарға 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеу, содан кейін ай сайын 50 мың теңгеден 10 ай бойына төлем жасау ұсынылған. Салынған 180 мың теңгенің 100 мың теңгесі тұтыну кооперативі шотында қалып, 80 мың теңге арнайы құрылған ЖШС шотына аударылып отырған.

Осылайша ЖШС қызметінде міндетті кіру жарнасы, әрбір жаңадан тартылған қатысушы үшін бонустардың төленуі, БАҚ-та жаппай жарнама жасау, интернет кеңістікте бір алушыға көптеген жіберушілерден жасалған ақша аударымы сияқты қаржы пирамидасының барлық белгілері көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда қаржы пирамидасына салымшылардан жалпы сомасы 3,9 млрд теңге ақшалай қаражат тартылған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза