USD
USD
USD

Қазақстанда бірнеше кен орнындағы мұнай өндіру құқығы аукционға қойылды

Қазақстанда он шақты мұнай учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда бірнеше кен орнындағы мұнай өндіру құқығы аукционға қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аукцион онлайн режимде өтеді.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімі" сайтының электронды сауда алаңына көмірсутек қазба байлықтарына арналған 10 жер қойнауы учакесін пайдалану құқығы аукционға қойылды. Аукционға қатысу өтініштері 2020 жылдың 29 қарашасына дейін электронды түрде қабылданады. Аукционға қатысуға өтініш беру тәртібімен видео нұсқаулықтан танысуға болады", - делінген ақпаратта.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша электрондық аукцион 2020 жылдың 23 желтоқсанында өтеді.

Аукционға барлығы 10 кен орны қойылды: Сағыз, Қарабау, Забұрын, Бекайдар, Дереш, Балқұдық, Бестерек, Үштаған, Қошалақ және Сарайшық.

Қазір оқып жатыр

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Бизнес

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

Әлішер Әбдіқадыров

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ