USD
USD
USD

Қазақстанда бір жылда жаңа автокөлік алушылардың үлесі 13,9%-ға өскен

2022 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар 11 057 жаңа жеңіл автокөлік және 929 коммерциялық автокөлік сатып алған.

Қазақстанда бір жылда жаңа автокөлік алушылардың үлесі 13,9%-ға өскен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, елде жаңа көлік алғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 13,9%-ға артық. 2021 жылы 86 611 автокөлік сатылса, 2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 86 959 жаңа автокөлік сатылған.

Соның ішінде ең көп сатылған көлік моделі – Chevrolet, 4000 жүргізуші иеленген. Hyundai моделінен 2 574 автокөлік, ал Kia моделінен 336 көлік сатып алынды. Сатылым бойынша төртінші орында Toyota, 820 автокөлік сатылды. Бесінші орында Chery, алтыншы орында LADA. Әрі қарай тізім бойынша JAC, Lexus, EXEED және Renault көліктері сатылды.

Қазақстанда сегіз айда 70 мыңға жуық автокөлік өндірілгені хабарланған болатын. Олардың жалпы құны 693 млрд теңгені құрады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

.

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

.

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.