USD
USD
USD

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Бір апта ішінде еліміздің аумағында  3 125 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. 

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE.  «Бір апта ішінде 3 125 қылмыс жасалды. Оның 2 102-сі тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында.

Ресми өкілдің дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 453 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччимен кездескенін, кездесу Маттео Мекаччидің Нұр-сұлтан қаласына арнайы сапары аясында өткенін атап өтті.

«Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқыққорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтіп, осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау, жазаның орындалуын ізгілендіру және азаматтық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.