USD
USD
USD

Қазақстанда білім алатын Ауғанстан студенттері не істейді?

Қазақстанда білім алатын Ауғанстан студенттері қайта кіруі үшін аймақтағы жағдай әбден тұрақтануы керек. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

Қазақстанда білім алатын Ауғанстан студенттері не істейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда оқып кеткен ауғанстан азаматтарынан елге келу туралы өтініштер түсті ме? Түскен болса оларды кіргізу мүмкіндігі бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллинге осындай сауал қойды.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанның бізде оқып кеткен бұрынғы студенттері жүгінген жоқ. Егер жүгініп жатса, әр адам бойынша жеке тәртіпппен шешім шығарылады. Дәл қазір ол мәселе туралы ештеңе айта алмаймыз, Яғни ешкім жүгінген жоқ», - деді министрдің орынбасары.

Ал Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанда қазір білім алып жатқан студенттерден оқуын әрі қарай жалғастыру туралы өтініштер түсіп жатқан көрінеді.

«Қазақстанда қазір оқып жатқан студенттердің арасында жазғы демалыс кезінде еліне кеткендер бар. Олар туралы мәліметтер түсіп жатыр бізге. Оқуларын осындай жалғастырғысы келетіндері бар. Біз бұл әселені бақылауда ұстап отырмыз. Ауғанстандағы жағдай тұрақтанған кезде біздің елшілік міндетті түрде оларға тиісті виза береді. Екі арада әуе немесе басқа көлік қатынасы қалыпқа келген соң Қазақстандағы оқуларын алаңсыз жалғастыра алады», - деді Айбек Смадияров.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар