USD
USD
USD

Қазақстанда биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінеді?

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биыл қанша грант бөлінетіні туралы айтып берді.

Қазақстанда биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Биылғы жылы бакалавриатқа берілетін гранттардың саны 51500 грант, магистратураға 13500 грант болады. Бакалавриатта грантты алу үшін ҰБТ тапсырады. Одан кейін сертификатын алып, байқауға қатысады. Нәтижесінде грант ұтып алуға мүмкіндігі болады. Магистратураға да ҰБТ секілді тест тапсыру арқылы қабылданады. Үміткерлер элекронды форматтағы орталықтандырылған тест нәтижесін алғаннан кейін, құжат тапсырады", - дейді Аймағамбетов. 

Оған қоса, министр диплом және диссертация жұмыстары қалай қорғалатыны туралы ақпарат берді. 

"Биылғы жылы да алдыңғы жылы да пандемияға сәйкес диплом жұмыстары, магистрлік диссертация қашықтан қорғалады. Ал докторлық диссертация онлайн және дәстүрлі форматта қорғалады", - дейді министр. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті