USD
USD
USD

Қазақстанда бие сүтімен майонез шығарылды

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі көшбасшыларының бірі Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингі «Мерекелік Провансаль» атты бие сүтімен алғашқы қазақстандық майонезін шығарды.

Қазақстанда бие сүтімен майонез шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азық-түлік нарығындағы сұранысты едәуір дәрежеде қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы соңғы жылдары табиғи азық-түлікке қарай бет алды, ал Қазақстанда бие сүтінің бай дәмі мен пайдалы қасиеттері ежелден бері бағаланған. Бие сүтінде адам ағзасына қажетті 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар екені бұрыннан белгілі. Дәстүрлі қазақ ұлттық өнімдері, оның ішінде ерекше қазіргі заманғы форматта шығарылған өнімдер бүгінде танымалдық шыңында екенін назарға ала отырып, Eurasian Foods Corporation технологтары бие сүті қосылған майонезбен тұтынушыларды таң қалдыруды шешті. Eurasian Foods Corporation инновациялық технологиялық зертханасының бастығы Руслан Шілдебаевтың айтуынша, қазақ ұлттық ас үйінің дәстүрлерін әспеттейтін бірегей майонезді жасаудың шығармашылық процесі бір жылға жуық уақытты алған.

«Майонездегі сүт өте маңызды ингредиент, кеңес дәуірінде осы компонент кіретін Провансаль рецептурасы әзірленді. Бұл қадам өнімнің биологиялық құндылығын арттыру мақсатында жасалды. Сонымен қатар, сүт майонездің дәмдік сапасын жақсартады, оны жұмсақ және толыққанды етеді. «Мерекелік Провансальдегі» бие сүті басқа табиғи ингредиенттермен – жұмыртқа сарысы мен күнбағыс майымен керемет үйлеседі. Біздің жаңа өніміміз салаттарға қосу үшін, бірінші және екінші тағамдарға дәмдеуіш ретінде тамаша келеді», – деп атап өтті Руслан Шілдебаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy