USD
USD
USD

Қазақстанда бидай мен бидай ұнын сыртқа шығаруға шектеулер енгізілді

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстанда бидай мен бидай ұнын сыртқа шығаруға шектеулер енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығымен Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслинді (СЭҚ ТН коды – 1001) және 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын (СЭҚ ТН коды - 110100) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі.

Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күшінде болмақ. 

Бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.

Қазір оқып жатыр

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық