USD
USD
USD

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда 12 шілдеден бастап бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды.

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен жағармайларды қоспағанда және автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек цистернада алып шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін алып шығуға алты ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығында.

Бұйрыққа сәйкес, тыйым 2022 жылдың 12 шілдесінен бастап енгізілген. Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, бірлескен бұйрықта белгіленген тыйымды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдау жүктелді.

Сондай-ақ үкімет Қазақстанның ішкі істер министрлігіне бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға жол бермеуге көмектесуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт