USD
USD
USD

Қазақстанда бензин бағасы арзандай ма?

Қазақстанда бензин мен дизель отынын көтерме саудада өткізуге акциз ставкалары көтерілгеннен кейін де жанармай бағасы арзандамайды, деп хабарлады энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Қазақстанда бензин бағасы арзандай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін үкімет бензин мен дизель отынын көтерме саудада акциздік ставканы көтеруді көздейтін түзету жобасы әзірленгенін хабарлаған болатын.

"Мұнай өнімдерін сатуда маржаның белгілі бір бөлігін алған өнімсіз делдалдарды алып тастайтынымызды және маржаның бұл үлесі акциз түрінде мемлекетке түсетінін білесіздер. Яғни баға өспейді. Жаңа акцизге байланысты, бірақ оның арзандауы да екіталай", - деді министр СҚО-да өткен брифингте.

Ол қазіргі таңда Ресейде жанар-жағармай Қазақстанға қарағанда қымбат екенін атап өтті. Бірақ бұл жағдай қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Ресейде бензин арзандауы мүмкін. Біздің бензин ресейлік бензиннен 100 теңгеге арзан болды. Бірақ ресейлік өнім біздікінен арзандайды деп ойламаймыз”, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың қатарында.

“Бір долларға бір бакты толтыру мүмкін емес екенін білесіздер. Қазақстанда мұнай өнімдері өте арзан. Біздің мұнай өнімдері шекарадан бақылаусыз экспортталды. Сондықтан өткен жылы бізде тапшылық байқала бастады. Экспортқа тыйым салынғанына қарамастан осылай болды", - деп түйіндеді Ақшолақов.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов