USD
USD
USD

Қазақстанда баспана қымбаттай ма?

Сарапшы 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты.

Қазақстанда баспана қымбаттай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің айтуынша, баспана нарығында бастапқы нарықтағы тұрғын үйлер қымбаттап жатыр. Бұл элит, бизнес және жайлы санаттағы пәтерлерге қатысты екен. Сарапшының сөзіне қарағанда, бағаның қымбаттауы құрылыс заттарының шетелден әкелінуімен байланысты. Ал эконом санаттағы баспананың бағасы, сарапшының айтуынша, өзгеріссіз, бірқалыпты.

«Себебі барлық мәміле екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үй бағдарламаларының операторлары арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар тарапынан алынған субсидияланған ипотекалық қарыздар негізінде жүргізіледі. Экономкласс – бүгінгі таңда сату-сатып алу процестері ең белсенді жүріп жатқан санат.

Сонымен қатар, бұл үйлер 80 пайыз қазақстандық құрылыс материалдарынан салынып жатыр. Сондықтан олардың бағасы көтерілмейді», – дейді ол.

Жылжымайтын мүлік Федерациясы президентінің болжамы бойынша, 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында баспана қымбаттамайды. 

«Карантин салдарынан халықтың көбі табысынан айырылды. Көптеген сала қызметкері жұмыссыз қалды. Пәтер иелері клиенттерін жоғалтты. Сондықтан тұрғын үй бағасы өсуінің алғышарттарын көрмеймін», – деді Мүсірепов.

Қазір оқып жатыр

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар

Жыл басынан бері 8,8 мың адам құтқарылған: ТЖМ жұмысының нәтижелері жарияланды

Тжм