USD
USD
USD

Қазақстанда барлық мектептің спорт алаңы тексеріледі

8 тамызда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы мектеп аулаларының бірінде футбол алаңында баланың қайтыс болуы оқиғасына қатысты үкімет отырысында пікір білдірді.

Қазақстанда барлық мектептің спорт алаңы тексеріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Білім басқармалары кешеден бері барлық мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатыр. Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайды, деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, елордада 10 жастағы балаға футбол қақпасы құлап қайтыс болды. Қайғылы жағдай №10 мектептің аумағында болған.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов