USD
USD
USD

Қазақстанда банк карточкалары арқылы 93,7 трлн теңгеге операция жасалды – Ұлттық банк

Өткен жылы Қазақстанда банк карточкалары арқылы 93,7 трлн теңге сомасына операция жасалды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Қазақстанда банк карточкалары арқылы 93,7 трлн теңгеге операция жасалды – Ұлттық банк
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «2021 жылы қазақстандық банктердің төлем карточкалары арқылы жалпы көлемі 93,7 трлн теңге сомаға 6,5 млрд операция жүргізілді (2020 жылы – 52 трлн теңге сомаға 3,2 млрд операция жүргізілді).

Төлем карточкалары бойынша операциялар көлемінің 78% (73,1 трлн теңге) қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілді. 22% (20,6 трлн теңге) банкоматтардан қолма-қол ақша ретінде шешілді», - делінген ҰБ хабарламасында.

Сондай-ақ өткен жылы әрбір бесінші қолма-қол ақшасыз операцияның үшеуі интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген. Олардың жалпы көлемдегі үлесі 83% құрайды. Орташа алғанда, интернет және мобильді банкинг арқылы күнделікті жүргізілген операциялар саны 11,5 миллионнан асты, жалпы сомасы 167 млрд теңге.

«Төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін инфрақұрылым кеңеюде. POS-терминалдардың саны 2,4 есеге өсіп, 509 мың бірлікті құрады. Нарықтағы POS-терминалдардың 97% жанасусыз төлем функциясын қолдайды. Төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпкерлер саны 2,5 есеге өсіп, 274 мыңды құрады», - деді Ұлттық банктен.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай