Қазақстанда балықтың жаңа түрлері өсіріліп жатыр
Өсірілген балық көлемі 2030 жылға қарай жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлім етті.
Алматы, NEGE. «Бағдарламада өсірілген балық көлемін 2030 жылға қарай жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту міндеті қойылған. Ол үшін 1 мыңнан астам жаңа балық өсіру шаруашылықтары құрылатын болады. Жедел ақпарат бойынша, жыл басынан бері балық өсірушілер шамамен 12 мың тонна тауарлық балық өсірген, жоспар бойынша 12,8 мың тонна. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш толық көлемде орындалатын болады», - деді Ахметжан Пірімқұлов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, сонымен бірге балық аулау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға өсті.
«Балық шаруашылығы саласындағы бизнес үшін заңнамалық деңгейде қолайлы жағдайлар жасалуда. Ең маңыздысы, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, балық өсіру шаруашылықтарына олардың құрылысы мен жұмыс істеуі кезінде артық талаптарды алып тастау болып отыр. Соның арқасында ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешенінде балық өндіру бойынша 9 инвестициялық жоба іске асырылды. 280 жұмыс орнын құрумен және 3,2 млрд теңге жеке инвестицияларды тартумен олардың жалпы қуаттылығы шамамен 10 мың тоннаны құрайды», - деді вице-министр.
Аталған балық өсіру шаруашылықтарының бірқатары форель, тилапия, африкалық жайын сияқты балықтардың жаңа түрлерін өсіреді: Олар Қазақстан үшін дәстүрлі емес, бірақ қысқа мерзімде тауар массасын алу есебінен коммерциялық жағынан тартымды болып саналады. Ең ірі жобалар Түркістан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылды.
Балық өсіру жобаларымен бірге Қызылорда облысында орналасқан екі балық өңдеу жобасы іске асырылды.
Қазір оқып жатыр
Қазнет жұлдызының Күрес федерациясы вице-президенті атануы жұртқа неге жақпады?
Ержан Жиенбаев Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Депутат Ербол Айтуов қайтыс болған клиникада жансақтау бөлімі болмаған
Перуашев «Штрафстан» сөзіне тағы жауап берді: Президенттің сынын сабақ ретінде қабылдау керек