USD
USD
USD

Қазақстанда балалары бар отбасының ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін

Қазақстанда балалары бар отбасының ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін.

Қазақстанда балалары бар отбасының ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат депутаттары бірінші оқылымда кейбір заңнамалық актілерге іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады.

Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар қарайтын істердің аясын кеңейтумен байланысты. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен некені бұзу және мүлікті бөлу туралы азаматтық істерді кәмелетке толмағандар және отбасылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне беру жоспарланып отыр.

"Бұл сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етіп, азаматтардың, кәсіпкерлердің және басқа да тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдетеді", - деді сенатор Айнұр Арғынбекова.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі