USD
USD
USD

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді

Биыл тек 20 000 бала тегін демалыс рейсін пайдалана алады. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген жаңа ережелер жұртшылықты бір қуантты. Бірақ, белгілі болғандай, қуануға әлі ерте. "Kids go free" жобасының белгілі бір шарттары бар, деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Kids go free" жобасы 2019 жылы қолға алынғаны белгілі. Балалар ұшақпен тегін ұшады деп қуанатқан. Алайда жұрт ойлағандай барлық балаға тегін ұшақта ұшу билеті берілмейді. Тек 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға туристік агенттік арқылы туристік пакет сатып алған жағдайда тегін болмақ. Туристік пакетке жатар орны, тамақтану, экскурсиясы кіру керек. Ал туристік агенттікке соманы мемлекет өтейді. 

“Бұл жоба ең бірінші кезекте туризмді дамыту мақсатынды қолға алынды. Сондықтан тек туристік пакет алған жағдайда ғана балалар тегін ұша алады. Басқа жағдайда мүмкіндік жоқ”, – деді “KAZAKH TOURISM” ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Жоба жайлы естіген жұрт туристік агенттіктерге хабарласып, кезек алғысы келеді. Алайда оның қандай шарттары бар екенінен бейхабар.

Бұл жобаға барлық туристік агенттіктер де қатыса алмайды. Тек сыртқы және ішкі туризмге лицензиясы барла ғана қатысады.

Биыл "Kids go free" жобасыа 358 000 миллион теңге бөлінді. Есеп бойынша бұл тек 20 мың қазақстандық балалардың шығынын өтей алады. Ал біздің елде балалар саны 2 миллионға жуық. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 10 млн теңгені өз есепшотына аударған

Ақша

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру