USD
USD
USD

Қазақстанда балалардың төлқұжатына төленетін мемлекеттік баж арзандайды

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баждың сараланған ставкаларын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда қолдады.

Қазақстанда балалардың төлқұжатына төленетін мемлекеттік баж арзандайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай норма "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылған.

Құжатты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын бергенi үшiн парақтар санына қарай мемлекеттiк баждың сараланған ставкалары, сондай-ақ балаларға арналған мемлекеттiк бажды екi есеге азайту ұсынылады, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Артынша министр кулуарда төлқұжат құныны бет санына қарай өзгеретінін айтты.

- Ол беттерге байланысты. Егер біреу 36 беттік құжат алғысы келсе, бір соманы, 24 бет болса, басқа соманы төлейді, - деді Әлібек Қуантыров.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу