USD
USD
USD

Қазақстанда балаларды 7 жастан бастап коронавирусқа қарсы егу мәселесі қарастырылуда

Қазақстанда балалардың коронавирусқа қарсы егу жасын 7 жасқа дейін төмендету мәселесі пысықталуда, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар жұқпалы аурулары жөніндегі бас маманы Динагүл Баешева.

Қазақстанда балаларды 7 жастан бастап коронавирусқа қарсы егу мәселесі қарастырылуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Біздің консультативтік комитет балалардың егілетін жасын төмендетуді қарастыруда. Бірақ біздің клиникалық хаттамаларымыз бен басқа да инновацияларымыз әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделгенін білесіз. Алғашқы ұсыныстар пайда болғаннан кейін біз бұл мәселені дереу қарастырамыз. Бүгінде біз осы құжаттардың барлығын зерттеп жатырмыз.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда балалар 12 жастан бастап коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы арқылы егіліп жатыр.

Pfizer жүкті және бала емізетін әйелдерді де вакцинациялайды.

Қазір оқып жатыр

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай