USD
USD
USD

Қазақстанда балалар үйінің саны азайды

Елімізде балалары үйі мен ондағы тәрбиеленушілердің саны 2 есеге азайған.

Қазақстанда балалар үйінің саны азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналды. Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірледі, бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бүгінде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар: бала асырап алу; қорғаншылық (қамқоршылық); патронат; қабылдаушы отбасы.

Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты.

«Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді. Олардың жұмысқа орналасу кезінде басым құқығы болады.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov