USD
USD
USD

Қазақстанда балалар аяқ киімі 14%-ға қымбаттады

Бір жылда Қазақстанда аяқ киім 10% қымбаттаған. Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты хабарлайды.

Қазақстанда балалар аяқ киімі 14%-ға қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқ киім шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 13,3% аз. Өңірлер арасында бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы алда тұр – 253,3 мың жұп ая киім өндірілген. Одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) облыстары тұр. «Отандық өндірушілер 2022 жылдың бірінші тоқсанында халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Яғни, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында елге сырттан 6,9 млн жұп ақ киім әкелінген. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 2,6 есе аз», – деп жазылған сайтта шыққан ақпаратта. 2022 жылдың мамыр айындағы қорытынды бойынша, аяқкиім бағасы 9,7% өскен. Еnergyprom.kz-тің жазуынша, кейінгі 4 жылда бірінші рет осындай қымбатшылық байқалып отыр. Өңірлердегі қымбаттау деңгейі әр түрлі. Қостанай облысында 4,9% болса, Маңғыстау облысында 19,5% өскен. Бір жыл ішінде бәрінен бұрын балалар аяқ киімі – 14,2%. Әйелдер аяқ киімі 8,8%, ерле аяқ киімі 7,9% қымбаттады.

Қазір оқып жатыр

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова