USD
USD
USD

Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талап қатаңдауы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі балабақшалардағы тексеру жүргізу тәртібін өзгертуге ниетті. Бұл туралы білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова айтты.

Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талап қатаңдауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші вице-министрдің айтуынша, ведомствода мұндай шешім Нұр-Сұлтандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жекеменшік балабақша тәрбиеленушілеріне дөрекі қарым-қатынас туралы шағымнан кейін қаралған.

Қаринованың айтуынша, қазір жекеменшік балабақшада тексеріс жүріп жатыр.

"Тексеруден кейін тиісті шаралар қабылданады. Білім және ғылым министрлігі бұл өте қиын жағдай екенін мойындап отыр. Бұл қайталанбауы керек, сондықтан қазір балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шараларын қарастырып жатырмыз. Балабақшалардың өздеріне де, мұғалімдерге де талапты күшейтеміз. Балабақшаларға тексеру жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Балабақшалардың лицензиясын қайтару қажет болуы мүмкін. Қазір бұл нормаларды қарастырып жатырмыз", - деді Шолпан Қаринова Сенат отырысында.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов