USD
USD
USD

Қазақстанда бала туу көрсеткіші айтарлықтай артқан

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстанда 100,5 мың бала дүниеге келді, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстанда бала туу көрсеткіші айтарлықтай артқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дүниеге келгендер санының өсуі 8,4% құрады, деп хабарлады ranking.kz. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 92,7 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% ғана көп. Жалпы 2020 жылы елімізде 425 мыңнан астам кішкентай қазақстандық дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 6% артық. Салыстырып қарастыратын болсақ, 2019 жылы дүниеге келгендер санының өсуі 2018 жылғы көрсеткіштен 1,3% қана асқан.  Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында халық саны 18,94 млн адамға жетті.  

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев