USD
USD
USD

Қазақстанда бала күтіміне байланысты берілетін төлем мерзімі ұзартылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту туралы мәлімдеді.

Қазақстанда бала күтіміне байланысты берілетін төлем мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстанда 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жарым жылға дейін ұлғайтылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел Әлеуметтік кодекс бойынша жұмыс аясында бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 1,5 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс қарастырылып жатқанын айтқан болатын.

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны бір жарым жылға дейін ұзарту ұсынылды

Статистикаға сәйкес, ай сайынғы күтім бойынша жәрдемақы:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК (2022 жылы 17 643 теңге);

- екіншісіне – 6,81 АЕК (20 859);

- үшіншіге – 7,85 АЕК (24 044);

- төртінші және одан кейінгілер үшін – 8,9 АЕК (27 261).

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті