USD
USD
USD

Қазақстанда азық-түлік тауарлары мен шикізатты өндіру қоры жеткілікті – ҚР АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (ӘМАТ) қамтамасыз ету жұмысы туралы және оның тұрақты түрде жүргізілетіні туралы хабардар етеді.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары мен шикізатты өндіру қоры жеткілікті – ҚР АШМ
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Республика отандық өндіріс есебінен нан, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майлары, картоп және көкөніс өнімдері, ет, қарақұмық жармасы, күріш, сүт және сүт өнімдері және т. б. азық-түлік тауарларының қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген. Азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлердің тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қажетті қорлары қалыптастырылды. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселелері тұрақты бақылауда. Атап айтқанда, жедел деректер бойынша республикада биылғы жылдың 4 наурызына 1,5 млн тонна ӘМАТ және 6,7 млн тонна азық-түлік бидайының қоры бар», - делінген хабарламада.

Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. Жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.

«Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тапшылығының туындау тәуекелі жоқ екенін жеткізеді», - деп мәлім етті ҚР АШМ.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай