USD
USD
USD

Қазақстанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған

Қазақстанда 2020 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған.

Қазақстанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіші төмендеген.

«Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне - 6,3%, нан және жарма өнімдеріне - 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеді. Былтыр бір айда орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг, сиыр еті – 2 кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг», – деп жазды ведомстводан.

Қала мен ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда, ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтынуда байқалады.

«Азық-түлік өнімдерін тұтыну деректері тұрмыс деңгейіне қарай 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелерімен есептелді», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы