USD
USD
USD

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру науқаны басталды

 Бүгіннен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды.

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру науқаны басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күзгі науқанда жасы 18- бен 27 аралығындағы 17 мың жігітке отан алдындағы борышын өтеуге шақырту жөнелтіледі. Оны  жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Шақырту 1414 нөмірі арқылы смс хабарламамен де жіберіледі. Шақырту науқаны осымен екінші жыл карантин жағдайында өткізіліп жатыр. Сондықтан әскерге шақырылғандар жиын бөлімшесінде және әскерге барған кезде ПТР тест арқылы тексеріледі.

Руслан Тапашев, ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаментінің аға офицері:

– Әскерге әрине вакцинациядан өткен азаматтардың келгенін құп көреміз. Егер де вакцинациядан өтпеген жағдайда ол әскерге шақырушының тілегі өзінің ниеті бойынша әскери бөлімге келгеннен кейін жүзеге асырылады. Міндеттемейміз. мерзімді қызметтің әскериқызметшісіне ақшалай үлес 3539 теңге көлемінде көзделген. Мерзімді әскери қызметті аяқтағаннан кейін қосымша 2702 теңге компенцаия беріледі. Қосымша пошталық жөнелтілімге ай сайын 130 теңге көзделген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков