USD
USD
USD

Қазақстанда автокөлік бағасы қымбаттап кетті

Елімізде автокөлік бағасы күннен-күнге қымбаттап барады. 

Қазақстанда автокөлік бағасы қымбаттап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тамыз айында елдегі автосалондардан 8734 жаңа көлік сатылды. Шілдемен салыстырғанда 15 проценттей аз. Сарапшылардың айтуынша, сауданың бәсеңдеуіне көлік тапшылығы әсер етті. Өйткені құрастыру мен тасымалдауда кедергі көп. Ең бастысы автокөлік электроникасына қажетті микросхема жетпей жатыр. Осыған байланысты концерндер өндірісті азайтты. Тіпті кейбірі бөлімшелерін уақытша жапқан.

Отандық дилерлер қазір тапсырысты алдын ала қабылдағанымен жеткізу уақытын кейінге шегеріп жатыр. Әсіресе соңғы бір-екі айда тасымал мәселесі қиындап кетті. Қытай карантин талаптарын күшейтіп, Қазақстанға Жапония мен Кореядан келетін көліктер уақытынан кешіккен. Бұған дейін жаңа көлікті 6 ай күтсе қазір 8 айға дейін созылады. Нарықта темір тұлпарлардың тапшылығы туындаған соң бағасы қымбаттап барады. Өйткені сатып алушы көп. Жалпы биыл сегіз айда отандастарымыз 76 мың жаңа машина сатып алды. Былтырмен салыстырғанда 40 процентке көп. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер