USD
USD
USD

Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға рұқсат берілді

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға рұқсат берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер енгізілді. 

Аталмыш №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынатыны айтылған болатын.

"Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын", – деп жазылған қаулы мәтінінде.

Cондай-ақ бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді. 

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты