USD
USD
USD

Қазақстанда «Ауыл аманаты» қосалқы бағдарламасы іске қосылды

Вице-Премьер ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаның арқасында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артып, тұрғындардың орташа табысының өскенін атап өтті

Қазақстанда «Ауыл аманаты» қосалқы бағдарламасы іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол жұмыспен қамту, табыс табудың жаңа мүмкіндіктерімен қатар өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін де шешеді», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады. Жобаға 2478 тұрғын қатысып, несие алған, сондай-ақ 25 елді мекеннен 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосылды – бұл облыстың 10 ауданында 11 пилоттық ауылдық округтің қызметі.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

«Пилоттық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде әрбір отбасының табысы орта есеппен 4 есеге артты. Жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге өсті. 589 жаңа жұмыс орны құрылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 65%-ға, жұмыссыздар саны 36%-ға азайды. Біздің есептеуіміз бойынша, жобаны іске асырудың бес жылында экономикалық тиімділік 14,9 млрд теңгені құрайды», — деді Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер