USD
USD
USD

Қазақстанда әуе билеттерінің бағасын негізсіз көтеруге қарсы шаралар жүзеге асырылады

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары қаралды.

Қазақстанда әуе билеттерінің бағасын негізсіз көтеруге қарсы шаралар жүзеге асырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаров экономиканың базалық салаларында негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі, Үкіметпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстар және бәсекелестікті дамыту жөніндегі жарлықтардың жобаларын әзірлеу қажеттілігі туралы айтты. 

Азаматтық авиацияны дамыту шеңберінде барлық тасымалдаушыларға «Ашық аспан» режимінің қолжетімділігін толық қамтамасыз ету және авиациялық отын жеткізу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері пысықталатыны атап өтілді. Сонымен қатар динамикалық баға белгілеу жүйесі реттеліп, НҚА-дан «отын алымы» түсінігі алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді.

Байланыс нарығының шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялауды аяқтау, сондай-ақ 5G желісіндегі жиіліктерді ұсыну бойынша оларға иелік ететін компаниялардың аукциондарға қатысуын шектеу жоспарланып отыр. 

Көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту аясында аймақтық операторларға коммуналдық-тұрмыстық көмірді тікелей жеткізуді ұлғайту және 2024 жылға қарай онымен биржалық сауда-саттық нормативін арттыру, сондай-ақ нарыққа баламалы жер қойнауын пайдаланушыларды жіберуді кеңейту жоспарланып отыр.

Премьер-Министр энергетикалық көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында мұнай өнімдерінің көтерме сауда саласындағы барлық процестерді автоматтандыру (ЖҚС тарапынан түскен өтінімдерді онлайн тіркеу және т. б.), Бірыңғай электр энергиясын сатып алушының сатып алуларындағы ашықтықты қамтамасыз ету, ҚТЖ ұлттық операторы аясында жеке теміржол тасымалдарын дамыту, сондай-ақ тасымалдау процесін жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті