USD
USD
USD

Қазақстанда ауа райы күрт нашарлады

Бірнеше облыста жол жабылып, көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қазақстанда ауа райы күрт нашарлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жамбыл облысында сағат 10.00-де қалың қар мен жаңбырдың салдарынан "Алматы-Ташкент - Термез" автомобиль жолының 160-238 шақырымында Отар және Қайнар ауылдарының арасында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағытта жолдар жабылғанын және балалар бүгін оқуға бармайтынын хабарлады.

"21 желтоқсанда ескерту жарияланды. Облыста қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады және желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең бірінен кейін бірі республикалық және облыстық маңызы бар жолдар барлық бағыт бойынша жауып тасталды. Сондай-ақ, Өскемен мен Семейде қатты желден оқушылар үшін сабақ тоқтатылды", - делінген облыстық ТЖ департаментінің хабарламасында.

Тұрғындарға елді мекендерден тыс жерге шықпауға және трассаның жағдайын қадағалап отыруға кеңес беріледі. 

Жолдарды жабу және ашу туралы ақпаратты: Республикалық маңызы бар жол болса (8 7232) 26-28-08 нөмірі бойынша, облыстық - 57-42-52, сондай-ақ ШҚО ТЖД сайтында "шұғыл ақпарат" бөлімінен білуге болады. Төтенше жағдайға тап болсаңыз "112" құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park