USD
USD
USD

Қазақстанда астықтың 70% жиналды

Бүгінде Қазақстанда 13,5 миллион тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстанда астықтың 70% жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгінде Қазақстанда 11,3 миллион гектар астық жиналды, бұл жоспардың 69,8%-на тең. Ал, 13,5 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі 12 кг/га", - делінген ҚР АШМ таратқан мәліметте. 

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы дәл осы күні орташа өнімділік 8,9 ц/га тең болған.

Еске сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 2022 жылғы 14 қыркүйектен бастап астық пен ұн экспортына қойылған шектеулер алынған.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған