USD
USD
USD

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды

 Қыркүйек пен желтоқсан аралығында әскерге шақыру науқаны жүргізіледі.

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 жарлығына сәйкес азаматтарды күзгі әскерге шақыру басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйек пен желтоқтанға дейінгі аралықта қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматты әскерге шақыру жоспарланған», - деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов ОКҚ брифингінде. Сондай-ақ әскерге шақырылғандарға ПТР тестілеу екі рет жүргізіледі. Біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пунктерінде, екіншісі жас буын әскери бөлімдерге келген кезде жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC