USD
USD
USD

Қазақстанда апта сайын мыңнан астам адам қызылша жұқтырып жатыр

Қызылша ауруының көбеюі туралы мәліметтерді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты, деп хабарлады 24.kz.

Қазақстанда апта сайын мыңнан астам адам қызылша жұқтырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда қызылшаны жұқтырған 13 мың адам анықталса, оның 11 мыңы балалар. Манар Смағұл қауіпті дерттің нақты емі жоқ, бірақ оның алдын алудың жолы екпе екенін айтты.

Еліміздегі емханалар дер кезінде екпе алмаған ересектер мен балалармен байланыста болған адамдарды иммундау жүріп жатыр. Бүгінге дейін сегіз мың балаға екпе салынды.

"Әсерін сәл кейінірек көреміз. Иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек, вакцина алғаннан кейін адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту керек, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін 2 апта қажет. Қызылшаның салдары өте ауыр. Статистикаға сәйкес, 1000 науқас баланың біреуі қызылша энцефалитімен ауыруы мүмкін", – дейді Манар Смағұл.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция