USD
USD
USD

Қазақстанда аналитик-журналистер даярланатын болады

Биыл қыркүйек айында KAZGUU Университеті базасында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылады. Бұл туралы KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев аталған білім беру бағдарламасының тұсаукесерінде айтып берді.

Қазақстанда аналитик-журналистер даярланатын болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Білім бағдарламасының тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, республикалық басылымдардың бас редакторлары және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен медиа-менеджерлер қатысты.

«Біздің зерттеулеріміз бойынша, елімізде бір жыл ішінде 34 жоғары оқу орнынан 1000-нан астам журналист даярланып шығады. Бірақ журналистика саласында қызмет ететін түлектер көрсеткіші 60%-ға жетпейді. Демек, жоғары оқу орындарында оқу процесі әлі жетілдірілмеген, әлі де қиындықтар бар. КАЗГЮУ мықты университет болғандықтан, журналистика мамандығы дер кезінде ашылуда. Алдағы уақытта жаңа мамандыққа министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев.

KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты — құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.

«Аналитикалық журналистиканың болуы — жалпы әлемдік үрдіс және уақыт талабы. Аталған білім бағдарламасын таңдаған студенттер құқық, экономика саласында кең білім алып, тиісті ақпаратты іздеу, талдау және іріктеу, факт-чекинг дағдыларын меңгеріп, журналистік зерттеулер жүргізетін болады», - деп қорытындылады Талғат Нәрікбаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy