USD
USD
USD

Қазақстанда альпинизмнен тұңғыш Азия кубогы – құзға өрмелеу жарысы өтті

Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының бастамасымен Алматыдан 25 шақырым жердегі Тұйық су жолындағы Алатау жотасының гранитті жартастарында Корея, Жапония, Иран және Қазақстаннан 33 спортшы бақ сынады.

Қазақстанда альпинизмнен тұңғыш Азия кубогы – құзға өрмелеу жарысы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Альпинистік жарыстар алғаш рет табиғи рельефте Trad Climbing Cup форматында өтті - альпинистерге физикалық төзімділікті, ептілік пен стратегиялық ойлауды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл күні спортшылар 7 қиындық дәрежесі бойынша биіктігі 230 метрге дейінгі үш жолдан өтті. Қазақтың жартастары білікті альпинистердің қызығушылығын тудырып, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндігін көрсетті.

Ашылу салтанатына халықаралық федерациялардың жетекшілері – UAAA президенті Инджунг Ли, UIAA вице-президенті Амит Чоудхури, Қытай Тайбэй альпинизм қауымдастығының президенті Хэнк Хван және Қазақстан Республикасының Альпинизм және спорттық өрмелеу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев қатысты.

Жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1-орынды, Иран командасы екінші, ал 3-орынды Қазақстанның тағы бір командасы иеленді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас демеушісі, Sport Qory спортты қолдау қоры және ҚР FAiSS вице-президенті Илхалид Кәкімжановтың қолдауымен альпинизмнен алғашқы Азия кубогы өтті.

Мұндай деңгейдегі халықаралық шараны өткізу қазақстандық альпинизмді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп, Азиядағы құзға өрмелеудің дамуына ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков