USD
USD
USD

Қазақстанда алғаш рет автожолға жылу датчиктері орнатылды

ҚазжолҒЗИ қызметкерлері Ақтоғай – Балқаш автомобиль жолының 415-шақырым учаскесіндегі жол конструкциясының су-жылу режиміне мониторинг жүргізетін датчик орнатты.

Қазақстанда алғаш рет автожолға жылу датчиктері орнатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл мониторинг жүйесі Қазақстанның жол желісінде алғаш рет қолданылды және арнайы құрастырылған. Ол стационарлық бақылау нүктелерінде жол конструкциясының су-жылу режимі параметрлерін автоматты түрде жинауды жүзеге асырады және мониторинг орталығында деректерді шоғырландырады.

ҚазжолҒЗИ зертханасында датчиктердің әрбір жиынтығын орнату алдында оларды калибрлеу жүргізілді. Калибрлеу жол төсемінің материалдары мен жер төсемінің топырақтарының түрлері үшін жүзеге асырылды.

Сондай-ақ эксперименттік учаскеде датчиктерді орнату кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау/байқаудан өткізу, сервермен қосылу, GPRS арналары бойынша мониторинг орталығына стационарлық бақылау нүктелерінің (ТҚК) деректерін беру үшін желіні күйге келтіруді жүргізу және т. б. талап етілетінін атап өту қажет.

Орнатылған датчиктер Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайлары кезінде жол конструкциясының су-жылу режиміне толық ауқымды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл климаттың өзгеруін ескере отырып, еліміздің түрлі өңірлерінде автомобиль жолдарын салу, реконструкция және жөндеу технологиясын түзетуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино