USD
USD
USD

Қазақстанда алдағы күндері үсік жүреді

 2022 жылғы 16-18 тамыздағы ауа райы болжамы жарияланды.

Қазақстанда алдағы күндері үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес алдағы тәуліктер жауын-шашынсыз өтеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен апта ортасына қарай ауа температурасы төмендейді. 

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі. 

Республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде: 

- батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С, 

- солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С, 

- солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін, 

- орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін, 

- шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін, 

- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С, таулы аудандарда + 3+8°С болжанады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana