USD
USD
USD

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда күн салқындай. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болжаға сәйкес, апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де циклон ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғып, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндерге дейін төмендеуіне әкеледі.

"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 градус аяз, күндіз 15-27-ден 20-30 градусқа дейін жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-13 градустан 3-10 градус жылыға дейін, күндіз негізгі фон 12-23 градус жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 градус жылы, 3 градус аяздан – 5 градус жылыға дейін, күндіз негізгі фон 10-20 градус жылы, шығыста 5-13 градус жылыдан 1 градус аяз – 10 градус жылыға дейін, күндіз 17-25 градус, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков