Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда АҚШ-тағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін

ҚР ІІМ Кадрлық саясат басқармасының бастығы Айдар Сайытбеков полиция қызметі жұмысындағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда АҚШ-тағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Біз АҚШ, Ұлыбритания және Канадада жиі кездесетін шериф қызметінің моделін зерттеуді жоспарлап отырмыз. Осындағы АҚШ елшілігі бізге көмектесуге дайын, - деді Айдар Сайытбеков Ішкі істер министрлігінің брифингінде.

Сонымен қатар, "полиция қызметіне қолжетімділіктің" жаңа қағидаты енгізіледі. Бұл бүкіл полиция көшеде жүреді дегенді білдірмейді. Полиция қажет болған жағдайда оқиға орнында болуы.

Сайытбековтің айтуынша, шартты түрде мұндай үш санатты орынды бөліп қарастыруға болады:

- қауіпсіз орындар, мұндайда полицияның болуы қажет емес және тек ерекше жағдайда ғана шақыртылады;

- ішінара қауіпсіз, белгілі бір уақытта полицияның болуы қажет болатын кез. Адамдардың кептелісі, мысалы, зауыттағы жұмыс ауысымнының аяқталуы немесе әуе рейсінің көптеп келуі кезеңімен байланысты;

- полицияның тұрақты болуын қажет ететін қауіпті орындар.

Министрлік талдау жүргізеді, содан кейін полиция патрульдік маршруттарына түзетулер енгізеді. Елді-мекендердің ең криминогенді аймақтарында тәулік бойғы модульдік посттар орнату жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы