USD
USD
USD

Қазақстанда ақшаның иісі бар кітап шықты

Кітаптың тұсаукесері Алматы қаласы, Гоголь 58 мекенжайында сағат 19:00-де өтеді.

Қазақстанда ақшаның иісі бар кітап шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кітап авторлары: Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов, Ербол Азанбек «Инвестиция негіздері, тәуекелдер» тақырыбында дәріс оқиды.

Кітап университеттерге тегін таратылады. Оқу орындарына Алматыдан алып кетуге болады. Ол үшін Talentcorpkz@gmail.com поштасына жазсаңыз болды (Оқу орнын көрсетіңіз, содан кейін Сізге кітаптарды алып кетуге болатын мекен-жай мен байланыс деректері жіберіледі)

Авторлардың айтуынша, бұл жоба КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС, ол жастардың қаржылық сауаттылығына бей-жай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан. Өз кезегінде «ИНВЕСТИЦИЯ ӘЛІППЕСІ. Ақшаны қалай көбейеміз?» инвестиция туралы қазақ тіліндегі (жаңадан бастаушыларға арналған) тұңғыш кітап болды.

Сондай-ақ кітап «Меломан» интернет-дүкенінің желісіне түсіп, өзіндік құнынан төмен, бар болғаны 990 теңгеден сатылуда.

«ИНВЕСТИЦИЯ ӘЛІППЕСІ. Ақшаны қалай көбейтеміз?» барлығына түсінікті, қарапайым тілде жазылған практикалық нұсқаулық. Авторлар 87 инвестициялық кітапты талдап, қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездескен, Forbes Kazakhstan өкілдерінен инвестициялау принциптері, ақшаға деген көзқарасы туралы сұрап, сонымен қатар трейдингтегі жеке тәжірибелерімен бөліскен.

Бұл қаржылық сауаттылық пен замандастарымыздың өмірінен алынған мысалдар мен тәжірибеге сүйеніп жазылған Қазақстандағы алғашқы іргелі еңбек.
Кітапта сіз инвестициялаудың қарапайым тәсілдерін, ақшаны көбейтудің, қаражатыңызды жоспарлаудың және биржалық сауданың әртүрлі құралдарын таба аласыз, оларды кез келген адам, кез келген жерде пайдалана алады.

Авторлардың айтуынша, кітап беттері жаңадан басылған АҚШ долларының иісі бар арнайы иіссумен өңделген.

Қазір оқып жатыр

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша