USD
USD
USD

Қазақстанда ай сайын қанша мұнай өндіріледі?

Биыл жеті айда Қазақстанда 7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім болды.

Қазақстанда ай сайын қанша мұнай өндіріледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 7,2 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112%-ды құрайды», - делінген министрлік мәліметінде.

Осы орайда автобензин бойынша көрсеткіш 2,7 млн тонна, яғни, былтырғы сәйкес кезеңіне 107,3%-ды құрады. Өндірілген дизель отынының көлемі 2,8 млн тонна, бұл 2020 жылдың жеті айының көрсеткішімен салыстырғанда 109%-ды көрсетті.

«Әуе отыны бойынша көрсеткіш 323 мың тоннаны, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 127,7%-ды құрады. Мазут өндірісіне тоқталсақ, оның көрсеткіші 1,4 млн тоннаны құрады, яғни былтырдың сәйкес кезеңіне 125% құрап отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде битум өндірісі 556 мың тоннаға жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,5 пайызды қамтыды. Тұтастай алғанда, мұнайгаз-химия өнімдерінің көлемі 84,5 мың тоннаны құрады, бұл есептік езеңнің жоспарына 100%-ды құрайды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

грант

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов